Жарияланды: 22.07.2018

Сүт секторындағы жетекші кәсіпорын

Түркістан облысына қарасты Төле би ауданындағы Сарқырама ауылындағы «Атамекен корпорациясы» ЖШС-і бірнеше өндірісті қатар дамытып отыр.  Мал бордақылау алаңы мен сүт фермасы және сүт өңдеу цехы бүгінде мол өнім өндіруде. Төле би ауданында өндірілетін жалпы өнімнің 60 пайыздан астамын ауылшаруашылық саласы құрайды. Бұл бағытта биыл аудан жоғары көрсеткішке қол жеткізіп отыр. Аграрлы салада өзіндік салмағы бар Төле би бал қымызымен де ерекшеленеді. Жылына 3 мың тоннадан астам қымыз өндіретін шаруаларға осы саланы дамыту мақсатында 12 миллион теңге мемлекеттен субсидия берілді. Алдағы уақытта субсидия көлемі артып, өнім көлемі 5 мың тоннаға жетеді деп жоспарлануда, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Сонымен қатар республикамыздың сүт секторындағы жетекші кәсіпорын – Көксәйек ауылындағы «Фуд Мастер-Шымкент» компаниясының зауыты өнім өндіруді өкіртуде. Бүгінде «Фуд Мастер» өнімі барлық халықаралық сапа нормаларына жауап береді. Зауытта тәулігіне 100 тоннаға дейін сүт өнімдері шығарылады. Мұнда осы жылдың соңғы 3 айының өзінде 3,8 мың тонна сүт өңделіп, 994,8 млн. теңгенің өнімі өндірілген. 120-дан астам азаматты жұмыспен қамтып отырған кәсіпорын 16 шаруа қожалығынан бөлек облыс халқынан күнделікті сүт жинаумен айналысатын 30 жеткізушімен жұмыс істейді. «ФудМастер-Шымкент» зауыты өңірдің экономикасына тұрақты қаржы құйып отырады және жауапты салық төлеушісі болып табылады. Зауыттың соңғы бес жыл ішінде төлеген салығы 600 млн. теңдеген астам соманы құрады.

 

1 156 қаралым