Жарияланды: 06.11.2020

ШЫМКЕНТ: КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ 9 СҰЙЫҚ ОТТЕГІ РЕЗЕРВУАРЫ ОРНАТЫЛУДА

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан «Шымкент келбеті» газетіне берген сұхбатында мәлім етті.
—Денсаулық саласындағы үлкен сынақ – коронавируспен күрес. Шымкентте апта сайын 10 мыңнан астам адам тест тапсырады. Жұқтырған адам анықталса, СЭҚ мамандары онымен байланыста болған адамдарды нақтылап, оларды карантинге алады. Соңғы айларда мемлекет коронавируспен күреске біршама дайындалды. Қалада өкпені жасанды желдеткіштің саны 310-нан 612-ге жетті. ПТР тапсыратын 4 зертхана болатын, қазір күніне
3 350 тест қабылдайтын 9 зертхана бар. Үш оттегі станциясы орнатылды, 9 сұйық оттегі резервуары орнатылуда. Біршама құрал-жабдықтар алынды, — деді Шыңғыс Жұмабекұлы.
Айта кетсек, Шымкентте дәрі-дәрмектерге арналған тұрақтандыру қоры құрылды. 659 млн. теңге қаралып, коронавирусқа арналған дәрі-дәрмек қоры жасақталып жатыр. Егер кейбір дәрі-дәрмек түрлері тапшы болса, нарыққа шығарылмақ.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
675 қаралым