Жарияланды: 22.07.2018

Бірнеше саланы қатар дамытып отыр

Бүгінде Түркістан облысында ұн және нан өнімдерін өндіретін ірі кәсіпорындар жетерлік. Өтімді өнім болғандықтан осы саланың тізгінін ұстағандардың тасы өрге домалап тұр. Түркістандық «Яссы нан» серіктестігі жыл жылжыған сайын өндіріс ауқымын үлкейтіп келеді. Ең бастысы жергілікті 140 азаматты жұмыспен қамтып отыр. Мұнда кондитерлік өнімдер мен шұжық өндіреді. Дәмі тіл үйіретін тәтті тоқаштардың сан алуан түрі бар. Тәулігіне 1-12 тонна ұн өнімдерінен 30-ға жуық тәтті нан пісіріп сатады. Мұнда тәулігіне 30 мың дана нан пісіріледі. Тек қана қаланы ғана қамтып қоймай, серіктестік көрші облыстарды да ұн өнімдерімен қамти бастады. Алдағы уақытта серіктестік өнім көлемін одан әрі арттырып, негізгі қуаттылыққа жетуді көздеп отыр.  Ұн өнімдерінің 15 түрін дайындайтын зауыт 2016 жылдың ақпан айында іске қосылған. Жобаның құны – 200 млн. теңгені құрайды. Зауыт былтыр  287654 мың теңгенің өнімін өндірген.  Сондай-ақ,  бұл зауытта ет өнімдерінен шұжықтың 8 түрі өндіріледі. Ол үшін зауыт арнайы мал бордақылайтын алаңын құрыпты. Осылайша бір ғана кәсіп түрімен шектеліп қалмай бірнеше саланы қатар дамытып отыр. Алдағы уақытта серіктестік басшылығының өзге де ауқымды жоспарлары көп.

936 қаралым