Бүгін Шымкент қалалық №1 емханасында «АNTIKOR Life» жобасы аясында «Адалдық – ардың ісі» атты шара өтті.
Аталған шараны сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Жалын» жастар ұйымы қоғамдық бірлестігі мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаментінің жанынан құрылған “Шымкент-адалдық алаңы” жобалық кеңсесі ұйымдастырды.
Іс-шараға «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері Айғаным Амангелді, «Жалын» жастар ұйымы қоғамдық бірлестігінің жоба үйлестірушісі Сабира Байзахова, Шымкент қалалық «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі орталығының ААТ лекторы, М.Әуезов атындағы ОҚМУ -нің «Парасат» басқармасының басшысы Гүлбақыт Дулатова, №1 қалалық емханасының бас дәрігері Махамбет Бейсеуов және емхана ұжымы қатысты.
Шара барысында қоғамның дерті болған сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оны болдырмау жолдары жан-жақты талқыланды. Тақырыпқа байланысты бейнероликтер көрсетілді.