Бүгінгі таңда МӘМС жүйесінің енгізілуі медициналық қызметтің сапасын жақсартуға мүмкіндік беріп отыр. Бұл жүйе тұрғындардың денсаулығынан пайда табуды көздемейді, керісінше қолайлы медициналық қызмет көрсетуді жетілдіреді. Аталмыш жүйенің арқасында тұрғындар нәтижелі әрі сапалы медициналық көмекке қол жеткізуде.
Қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету, қымбат тұратын оталар жасату мүмкіндігі жұмыс істейтін әр азаматтың денсаулығын сақтауға, еңбекке жарамсыздық қағаздарының мерзімін қысқартуға септігін тигізуде.
Осы орайда, 2020 жылдың 10 ай ішінде МӘМС пакеті бойынша № 1 қалалық емхана тұрғындарға 183 079 492,40 млн. теңге сомасында 56 601 мың науқасқа, 364 357 түрлі медициналық қызмет көрсетті. Олардың көпшілігін жүрек-қан тамырлары жүйесінің ауыр аурулары, гинекологиялық және хирургиялық аурулары бар науқастар қабылдады.
МӘМС пакеті бойынша ауруханаға 965 науқас жоспарлы емдеуге жатқызылды. Емханада МӘМС пакеті бойынша күндізгі стационарда 566 науқас 23 257 492,20 млн. теңге сомасына ем қабылдады.
Егер денсаулығы сыр беріп, өзін нашар сезінсе, оны анықтайтын ЖТД қабылдауына баруы керек, оны қосымша тексерулерге жіберуі керек. Егер хирургиялық араласудың қажеттілігі расталса, онда науқас жоспарлы ауруханаға жатқызуға дайындала бастайды. Бұл үшін қажетті анализдер жинауды және ауруханаға жатқызу бюросының порталына орналастыруды емхана жүзеге асырады.
Бұл алгоритм қалалық және ауылдық тұрғындарға бірдей қолданылады, өйткені бұл жүйеге барлық сақтандырылған азаматтар қолжеткізе алады.
Аталмыш жүйенің тиімділігі туралы тұрғындар жылы пікірлерін білдіруде. Дәл қазіргі уақытта науқастың дертін анықтау мен толықтай емдеуге қажетті шығынды жабу МӘМС жүйесінің мойнында. Бұған маман дәрігердің кеңесінен бастап, дертті анықтау мен емдеуге қажетті шараның барлығы кіреді. Бұдан бөлек, стационарлық ем алу түрі мен дәрі-дәрмек тізбесі ұлғаюда. Қарапайым тұрғындар үшін қолжетімсіз болып келген, бағасы қымбат МРТ сынды құрылғылар бүгінде осы жүйенің арқасында тегін болып отыр. Бұл әрине қуантарлық жәйт.
Яғни, қазіргі күні тұрғындар қосымша қаржы шығындап отырған медициналық қызметтердің барлығы міндетті сақтандыру жарнасы есебінен төленуде.
Ал қазір озық медициналық технологияның жемісі саналатын диагностиканың 450 түрлі әдісі мен құрылғысы қолданысқа еніп үлгерді. Ол кез-келген жүйе қатысушы үшін тиімділігін көрсетіп отыр.
Осы орайда, №1 қалалық емхана тіркелушілерінің барлығы да өздеріне қажетті қызметті дер кезінде алып, жүйенің тиімділігіне ризалықтарын білдіруде.
Махамбет Бейсеуов,
№1 Қалалық емхана бас дәрігері