Жарияланды: 07.12.2020

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДӘРІГЕРЛЕРІ 39 ЖАСТАҒЫ ЖҮКТІ ӘЙЕЛДІ АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ

 

Дәрігерлер жүкті әйел мен оның сәбиінің өмірін аман алып қалды. Түркістан облысы Сарыағаш ауданының 39 жастағы тұрғыны тұңғышын жедел-жәрдем қызметімен перзентханаға бара жатқан жолда босанған. Дәрігерлердің айтуынша, кіндігі мойнына бірнеше рет оралғандықтан, нәресте тұншығып туылған. Облыстық медициналық жедел-жәрдем қызметкерлері шұғыл түрде жандандыру әдісін қолданып 10 минут шамасында сәбидің тыныс алуын қалпына келтірген.

Қазір ана мен баланың жағдайы жақсы,  перзентханада дәрігерлердің бақылауында. Жалпы, күн сайын облыстық жедел-жәрдем стансасының 124 бригадасы шақыртуға шығады. Тәулігіне орташа есеппен 2000-ға жуық қоңырау түсуде. Келесі жылы бригадалар санын 150-ге дейін арттырып, медициналық жедел-жәрдем қызметін одан әрі жетілдіру жоспарланған.

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

758 қаралым