Жарияланды: 14.12.2020

ШЫМКЕНТ: КӨШЕ ҚИЫЛЫСТАРЫНА ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ БАҒДАРШАМДАР ОРНАТЫЛДЫ

 

Шымкент қаласында биыл 9 жаңа бағдаршам орнатылды. Үш бағдаршам қайта жаңартылды. 220 метр жасанды жол кедергісін монтаждау бойынша жұмыстар жүргізілді.

 
«Интеллектуалды көлік жүйесі» жобасы аясындаТәуке хан даңғылы-Тәшенов көшесі, Тәуке хан даңғылы-Қазыбек би көшесі, Тәуке хан даңғылы-Дулати көшесі қиылыстарында интеллектуалды бағдаршамдар қойылды.
 
Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мамандарының айтуынша, интеллектуалды бағдаршамдар жол кептелісінде уақыт жоғалтуды екі есе қысқартуға мүмкіндік береді екен. Яғни, көлік бағытын реттеп отырады. Қай бағытта көлік ағыны көп болатын болса сол бағытта жасыл жанады деген сөз.
 
Сонымен қатар, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Жангелдин-Айбергенов көшелерінің қиылысында, Бәйдібек би даңғылы- Тұран шағын ауданындағы №3 көше қиылысына бағдаршамдар орнатылды.
Жангелдин көшесінің бойындағы «Флэш» дүкені мен «Рахмет» дүкеніне қарама-қарсы жаяу жүргіншілер өткелінде белсенді бағдаршам нысаны қойылды. Онымен қоса, жол жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін Гагарин көшесіндегі жасанды жол кедергілері қалпына келтірілді.
Тақырыпқа қатысты қандай да сұрақ болса, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының маманы Бахытхан Шайхқа 24-75-17 қызметтік нөмірі арқылы хабарласуға болады.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
1 142 қаралым