Түркияның Конья қаласында қасиетті Мәулананың қайтыс болуына 747 жыл толуына орай, еске алу шарасы өтті.
Бүкіл әлемдегі ковид дертінің асқынуына байланысты шылу салтанатына көрермендер шақырылмады. Есесіне, Түркия Мәжіліс төрағасы Мұстафа Шентоп, Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Эрсой, Коньяның губернаторы Вахдеттин Өзкан, қасиетті Мәулананың 22-ұрпағы Эсин Челеби Байри, сондай-ақ, шет елдерден келген 35 бұқаралық ақпарат өкілі қатысты. Шараны қатысушылар әлеуметтік желілер мен облыстық телеарнадан тікелей эфирде көрсетті.
1207 жылы 30 қыркүйекте Балх Хорасан қаласында дүниеге келген Мәулана 1273 жылдың 17 желтоқсанында Конья қаласында қайтыс болады. Әулие өзі қайтпас сапарға аттанған түнді «Şeb-i Arus»(Шеб-и Арус) деп атаған. Бұл «салтанатты түн» деген мағына береді. Дәл осы күні жыл сайын «Вуслат» (сүйіктісімен қауышу) салтанаты өтеді.
Коньядағы Мәулана мәдени орталығында өткен кеште Түркия Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Эрсой: «Мәулана бізге ұлағатты өмірді мұраға қалдырды. Әлемге көз салсақ, адамдарға жамандық оларға жақсылық жасап жүрміз дегендерден келеді. Оны демократия деңіз, еркіндік не өркениет деңіз. Кеше де, бүгін де біз жаман ниет жақсы сөздердің астарында жасырын тұратынын білдік. Жақсылықты қжет жерден іздеу керек. Сонымен қатар біз жіберген қателіктеріміз бен таңдаған жаңсақ жолымыздың жауапкершілігін өз мойнымызға алуымыз қажет.
Таңдау жасағанда нәтижесі дұрыс болмасағ біз ешкімді кінәлай алмаймыз. Румиға иек артуымыздың себебі сол. Біз түсінуге, түсіндіруге және өз басымыздан өткізуге тырысамыз», – деді.
Салтанатты шараның ресми бөлігінен кейін Түркия Мәдениет және туризм министрлігінің жаныан құрылған Түрік Сопылық музыкалық ансамблі «Сема» саланатын орындады. Шыр көбелек айналатын «Сема» – дәруіштердің биі.