Жарияланды: 10.01.2021

ШЫМКЕНТТЕ БІРІНШІ ДАУЫС БЕРГЕН САЙЛАУШЫЛАР АБАЙДЫҢ КІТАБЫН СЫЙҒА АЛДЫ

Шымкент қаласында өткен жылы 13 022 жас жұмыспен қамтылған. Оның ішінде 5000-ға жуық азамат тұрақты жұмыс орнына орналастырылды.

Сонымен қатар, «Жастар практикасы» бағдарламасы аясында 536 жас тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілген. Жалпы, қалада 14 пен 29 жас аралығындағы жастар саны 239 443-ті құрайды.

Шымкент қалалық Халықты жұмыспен қамту орталығы мамандарының мәліметінше, 2021 жылы да жұмыссыз жүрген азаматтарды, оның ішінде жастарды «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына көптеп қатыстыруды жоспарлауда. Сондай-ақ, оларды уақытша және тұрақты жұмыс орындарымен қамту шаралары жүзеге асырылмақ.

Бүгінде жұмыссыз азаматтарға мемлекет тарапынан түрлі мүмкіндіктер беріліп отыр. Соның бірі – кәсіптік оқыту. Мәселен, жоғары білім алуға мүмкіндігі болмай немесе ЖОО тәмамдап мамандығы бойынша жұмыс таба алмай жүрген жастар «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты (Техникалық және кәсіптік білім беру және қысқа мерзімді кәсіптік оқыту) аясында сұранысқа сай кәсіпті тегін игере алады. Ол үшін азамат қысқа мерзімді (үш айлық) кәсіптік оқыту курстарына қатысуы қажет.

Оқуды бітірген соң арнайы сертификат беріліп, Шымкент қалалық Жұмыспен қамту орталығы тарапынан жұмыс орындары ұсынылады. Одан бөлек, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды аяқтап сертификат алған азаматтар мемлекеттік грантқа қатыса алады.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Биыл Шымкенттегі сайлау науқанында азаматтық белсенділік танытып, алғашқы болып өз учаскелерінде дауыс берген бірінші сайлаушыларға ерекше тосынсый жасалды.
Жұмысын таңғы сағат 07:00-де бастаған мегаполистегі 312 сайлау учаскелерінің барлығында алғашқы келген сайлаушыға ұлы ақын Абай Құнанбайұлының қара сөздері жазылған кітапты сыйға тартты. Солардың бірі болып хакім Абайдың кітабын Бауыржан Дарбеков иеленді.

— Сайлау науқаны кезінде ұлы ақынның кітабын сыйлыққа алудың өзі бір мәртебе екен. Қуанып қалдым. Осы ретте сайлауға келіп, дауысымызды беруіміздің өзі еліміздің дамуына үлес қосу деп білемін, — деп ыстық ықыласын жеткізді Бауыржан Дарбеков.

Айта кетейік, жалпы Шымкент қаласы бойынша 617 мыңнан астам тұрғын дауыс беру құқығына ие. Олардың ішінде өз таңдауын жасауға алғаш келген қала тұрғындары ұлы Абайдың кітабын алып, олжалы қайтты.

517 қаралым