Қазіргі тәуелсіз Қазақстан – ата-бабаның орындалған шұғылалы арманы, сарғайып күткен сағынышы. Тәуелсіздік таңын аңсаған ата-бабаларымыздың асқақ арманы орындалды десек қателеспейміз.
Мен — үздіксіз дамып жатқан елдің құрдасымын. Тәуелсіздікке ынтымағы жарасқан, ауызбірлігі берік халық қана қол жеткізе алатынын өткеніміз нақты дәлелдеп берді. Бізге осы бірлікпен сенімді үлкен қорған болғандай. Өйткені халық болып қалыптаспай, тәуелсіздікті баянды түрде қолда ұстап тұру да біздің ата-баба алдындағы міндетіміз.
Міндетімізді мүлтіксіз орындаймыз деп нық сеніммен айтамын. Еліміз үшін ең маңызды іс ол — әділ сайлау. Сайлауға әр азамат жауапкершілікпен қарауы ел болашағына деген қосқан үлесі деп білемін.
Ал Тәуелсіздіктің бізге тартқан тартуы – таңдау еркіндігі! Мен бүгінгі сайлауда өз таңдауымды жасадым.
Мағжан ИСАХОВ, Шымкент қаласы