Жарияланды: 19.01.2021

ПАРАСАТТЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ДӘРІПТЕЛГЕН ЖИЫН ӨТТІ

 

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінің ғылыми кеңес мүшелері мен тәлімгерлерінің қатысуымен «Онлайн оқыту жағдайында білім алушылармен тәрбиелік жұмыстың өзекті мәселелері» тақырыбында онлайн-семинар өтті.
Семинар барысында «Парасат» басқармасының басшысы, қалалық ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Г.Дулатова «Sanaly urpaǵ» жобасы аясында білім алушылармен тәрбие жұмысы барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру бағытында баяндама жасады.
Спикер жобаның мақсаты — студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру және оқу орынында академиялық адалдық қағидатын енгізу болып табылатындығын жеткізді.
Сонымен қатар, ақпараттық-ағартушылық штабы тарапынан атқарылған жұмыстардан хабардар етіп, кез-келген жағдайда адамгершілік, әділдік құндылықтарынан бас тартпауға, жемқорлықпен күресті әр азамат өзінен, отбасынан бастау қажеттігіне тоқталды.
Жемқорлық деңгейін төмендетіп, парасаттылық құндылықтарын дәріптеуде еліміздің болашағы жастардың рөлі үлкен екендігін айтып, баяндамасын қорытындылады.

1 432 қаралым