Жарияланды: 31.01.2021

ШЫМКЕНТ ОПЕРА ЖӘНЕ БАЛЕТ ТЕАТРЫ ӘЛЕМДІК КЛАССИКАҒА БЕТ БҰРДЫ

 

Шымкент қаласында опера және балет театры әлемдік классиктермен әріптестік орнатып, шеберлік сабақтарын алуда. Бұл қалада опера өнерінің өркендеуі мен әрмен қарай дамуына ықпал етпек. Осы орайда опера театры БАҚ өкілдерін игі істердің бастамысымен таныстыру мақсатын баспасөз турын өткізді.

Майра Мұхамедқызы бастаған өнер ұжымы БАҚ өкілдеріне театрдың тыныс-тіршілігімен таныстырды.

Өнер ордасындағы оркесторға Италиядағы Карло Феличе театры қорының көркемдік жетекшісі, халықаралық опера байқауларының қазылар алқасының мүшесі Джузеппе Аквавива алғашқы шеберлік сабағын өтті.

 
Әйгілі маэстро театрдың әлемдік деңгейге жетуін және әртістердің кәсіби біліктілігін арттыруды көздеп отыр.
Баспасөз тур «Классикалық музыка жауһарлары» классикалық музыка кешіне жалғасты. Театр солистері мен симфониялық оркестрі әлемдік деңгейдегі дирижермен бір сахнада өнер көрсетті.
Шымкент сахнасында әлемдік классика жетекшілері Дж.Россини, Дж.Верди, Дж.Пуччини, Г.Донецетти секілді композиторлардың шығармаларымен бірге Е. Брусиловский, М. Төлебаев және т. б. қазақ ұлттық операсы майталмандарының туындылары шырқалды.
 
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
4 422 қаралым