Жарияланды: 22.07.2018

Майлағыш материалдар нарығында баламасы жоқ

Бүгінде елімізде темір тұлпар тізгіндегендердің қатары артып келеді. Автокөліктердің көбеюі ең алдымен әрине жанармайға, мотормайларына, қосалқы бөлшектерге деген сұранысты арттырары сөзсіз. Бұрындары елімізде мотор майларын өндіретін өндіріс орындары болмайтын. Бүгінде Түркістан облысының аумағындағы «Оңтүстік» индустриялық аймағында индустрияландыру картасы шеңберінде «HILL» ЖШС –і ашылды. Матор май материалдарын өндіретін өндіріс орны бүгінде нарықтағы өз орнын тапты. Тұрақты тұтынушылары күнннен күнге артып келеді. Алдағы уақытта қуаттылығын арттыруды көздеп отыр. Еліміздегі осы саладығ ең алғашқы жоба 2010 жылы іске қосылды. Сол жылдары зауыттың баламасы жоқ болатын. Қазіргі таңда зауыт жылына 11 мың тонна түрлі майлағыш май материалдарын шығаруға қауқарлы. 2019 жылы жоба толық қуаттылығына шыққан сәтте 24 мың тонна өнім шығару жоспарлануда. Ал 2018 жылы компания өңірде бірінші болып базалық май өңдірісін іске қосуды да жоспарлап отыр. Облыс экономикасына 235 млрд. тг. инвестиция тартылып 2000 жаңа жұмыс орны ашылады. Зауыт толық қуаттылығына шыққан сәтте 7,5 млн. тонна өнім өндіріледі. Жоба елімізді Shevron компаниясының технологиясының негізінде жанар-жағар май материалдарының барлық спекторымен қамтамасыз ету көзделуде. Жоба сәтті жүзеге асырылса, толық көлемде отандық тауар май өндірісін шикізатпен және жоғары сапалы матор май материалдарымен қамтамасыз етеді. Осылайша шетелдік өнімдерді нарықтан ығыстырып шығармақ.

 

1 352 қаралым