Жарияланды: 22.07.2018

Өзіндік құнын ақтайды

Бүгінде Түркістан облысында жылыжайлардың қатары артып келеді. Бұл өз кезегінде жыл бойы көкөніспен қамтамасыз етуге септігін тигізеді. Еліміз бойынша жылыжайларлардың 60 пайызы Түркістан облысының еншісінде. Яғни, облыс бойынша жылыжай көлемі 1325 гектар болса, оның басым бөлігі – 633 гектары Сарыағаш ауданында, деп хабарлайды «Егемен Қазақстан» газеті. Ал біздегі 1325 гектар жылы­жай­дың 100 гектарын­да ғана көшет, гүл өсіріледі, яғ­ни негізгі егетініміз қияр мен қы­за­нақ. Оңтүстікте жылыжайлардың жұмысы, өнімдерін тасымалдау, өткізу мәселесі бір жүйеге қойылған. Әр жылыжайдың өз тұтынушысы бар, алдын ала тапсырыс берушілер де аз емес. Түсетін табысы да қомақты. Мысалы, фермерлік жылыжайда 1 гектар қияр егуге кететін шығын есеп бойынша 28,0 млн теңге. Бір гектардан 150 тонна өнім алғанда, өзіндік құны 186 теңге болады. Кәсіпкер көтерме бағамен 220 теңгеден бергеннің өзінде 36 млн теңге табыс түседі. Оған 2 айналым берілетін 3 млн теңге субсидияны қосыңыз, сонда жылыжай иесінің таза табысы 8 млн теңгеге жетеді. Жылыжай өзін 5 жылда ақтайды деп есептелген, бірақ 2,5-3 жылда ақтайды. Ал гектарынан 450 тонна өнім алып, 51,2 млн теңге табыс түсіретін өндірістік жылыжай өзін екі жылда ақтайды. Ал субсидияның берілуі де кәсіпкерге үлкен қолдау, Жылыжайға коммуналдық қызметтер бағасының ықпалы жоқ», дейді облыстық ауыл шаруа­шы­лығы басқармасы ауыл­ша­руа­шы­лық өнімдерін өңдеу, инно­ва­ция­лық жетістіктерді қолдау жә­не мақта саласын дамыту бөлімінің бас маманы Тайжан Мырзазия.

 

1 097 қаралым