Жарияланды: 23.07.2018

Импорт өнімнен кем емес

Түркістан қаласына қарасты Шорнақ ауылында жиһаз өндiретiн зауыт бүгiнде ТМД аумағына танылып үлгерді. Құдiрет Құдайбергенов басқаратын өндiрiс орны өңделген ағаштың жаңқасын «брикет» деп аталатын табиғи отынға айналдыруды да меңгеріп алған. Әсем жиһаздардың сәні келіскен, импорт өнімнен бірде бір кем емес. Жиһаз жасайтын құрал-жабдықтардың барлығы да шетелден әкелінген. Өзге бәсекелестерінен бір артықшылығы жиһазды қазақы ою өрнекпен көмкеріп, жасайды. Ұлттық оюларды ерекше ұнататындар өндіріс орнының өнімдерінен бас тарта алмайды. Өндіріс орнының басшысы жыл сайын әлемнің әр түкпірінде өтетін көрмелерге қатысып, тәжірибе алмасудан шаршаған емес. Жиһаз бағасы нарықтағыдан әлдеқайда төмен. Ал тапсырыс беретіндер үшін бағасы қымбаттау. Бүгінгі күні цехта 200 адам жұмыс iстейдi. Тек жиһаз өндіріп қана қоймай жұмысшылардың әлеуметтік жағдайына көмек қолын созуды да ойластырып қойған. Қосымша 25 гектарға бау еккен. Одан бөлек мал бордақылаумен де айналысады. Осылайша жұмысшыларына арзан баағадағы өніммен қамтамасыз етеді. Жалақыларынан бөлек. Еліміздегі барлық облыстарға өнімдерін сатып отыр. Арнайы тапсырыс берушілер қатары да аз емес. Цехта ыңғай алтынқолды шеберлер жұмыс істейді. Қытайдан алып келген электромобильді толық зерттеп шыққан мамандар дәл соның көшірмесін жасап шықты. Сапасы тіпті түпнұсқадан да артық. 250-300 келiге дейiн жүк көтере алады. Жүк тасымалдауға таптырмайтын құрал. Осылайша өндіріс орны жұмысшыларының да жағдайын жасап, қазына қазанын да толтырып, ауқымды жұмыстар атқаруда.

1 116 қаралым