Жарияланды: 18.06.2021

«DENSAULYQ» КӘСІПОДАҒЫ ҮЗДІК МАМАНДАРДЫ МАРАПАТТАДЫ

Түркістан облыстық «DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы атынан медицина қызметкерлерінің күніне орай «Үздік маман» номинациясы бойынша облыстағы емдеу мекемелеріндегі қызметкерлеріне құрмет көрсетілді.

Аталған кәсіподақ атынан марапатталғандардың басым бөлігі «COVID-19» індетімен күрес кезінде ерекше көзге түскен медицина саласының қызметкерлері.Нақтырақ айтқанда, инфекциялық стационар мамандарынан бастап, реаниматолог, пульманолог, инфекционист, фельдшер, медбикелер, жалпы тәжірбиелі сынды медицина мамандары.
Түркістан облыстық «DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы атынан 45 медицина маманына бағалы сыйлықтар тарту етілді.

Сондай-ақ «QazMed» медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподағы атынан Түркістан облысындағы медицина ұйымдарындағы 15 қызметкерге Құрмет грамотасы және 20 қызметкерге Алғыс хат табысталды.

Қосымша айта кетейік,өткен жылмен салыстырғанда биыл кәсіподақ тарапынан ілгері көлемді іс-шаралар жүргізілуде. Шипажайға берілетін жолдамалар саны 20 пайызға, шипажайлар саны 250 пайызға артып отыр. Мұнан бөлек, мұқтаж жандарға берілген азық-түлік себетінің саны 80 пайызға көбейген. Сондай-ақ — Жетісай және Түркістан жоғары медициналық колледжінің 4 студентіне 2020-2021 оқу жылына степендия тағайындалды.

Айта кетейік, Түркістан облыстық «DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы медицина ұйымындағы қызметкерге денсаулық жағдайына байланысты қаржылай көмек көрсетті. Кәсіподақ атынан мұқтаж жандарға көмек көрсету игі істері тұрақты түрде көрсетіләп келеді.

1 688 қаралым