Жарияланды: 30.06.2021

Сайлауалды бағдарламадағы негізгі басымдықтар бойынша қоғамдық кеңестердің кезекті бірлескен отырысы өтті

Бүгін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Отбасы, әйелдер мәселелері және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі кеңес пен Жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңестерінің бірлескен отырысы өтті.

Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратовтың төрағалығымен өткен жиында «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты қалалық сайлауалды бағдарламасында айқындалған негізгі басымдықтар —

әлеуметтік саланы дамыту,
Жол және көлік инфрақұрылымы,
қоғамдық қауіпсіздік,
жастарды қолдау мәселелері талқыланып, Сайлауалды бағдарламаның ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында орындалуы бойынша тиісті қалалық басқарма басшыларының есептері тыңдалды.

🎙️«Nur Otan» партиясы қаладағы барлық проблемаларды нақты түсінеді және әр азаматтың мүддесі үшін жұмыс істейтін қуатты ресурстарға ие. Партияның сайлауалды бағдарламасында тұрғындардың лайықты өмір сүруі үшін барлық салалар қамтылып, күрмеуі қиын мәселелердің шешілу жолдары қарастырылған. Бірінші кезекте тұрғындардың осал топтарын қолдап, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы орта қалыптастыруда мүгедектігі бар балаларға арналған орталықтардың санын арттыру бойынша нақты көрсеткіштер белгіленіп, орындалуына бақылау жасау мақсатында құрылған қоғамдық кеңес бүгінгі күні «Кедергісіз келешек» және «Бақытты отбасы» жобалары аясында атқарылып жатқан жұмыстарға бақылау жасауда, — деді Мұратәлі Оразәліұлы.

Бірлескен отырыста қалалық сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында дайындалған Жол картасындағы негізгі көрсеткіштердің орындалуы бақылауда болатындығы айтылып, нәтижелі жұмыс көрсету қажеттілігі ескертілді.

Жиын соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, бірқатар ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

1 571 қаралым