Жарияланды: 22.07.2021

«QOLDA» шұғыл көмек бағдарламасының үшінші кезеңіне арналған гранттық байқаудың нәтижелерін жариялайды

 
 
 
 
 

Орталық Азияның Еуразия Қоры “Шеврон” компаниясымен серіктестікте жүзеге асырып отырған «QOLDA» жедел жәрдем бағдарламасы шеңберіндегі гранттық байқауы аяқталды.

«Qolda 3.0» жобасының үшінші кезеңі азаматтық қоғамның әлеуметтік мәселелерді шешу мен төтенше жағдайлар кезінде өзекті тиімді әрекет ету қабілетін арттыруға бағытталған.
Байқауға барлығы 66 үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) қатысты. Грант комитеті Қазақстанның 14 аймақтарынан 16 ҮЕҰ жобаларын таңдады. Жобаларды 6 ай ішінде, 2021 жылдың 21 шілдесінен 2022 жылдың 15 қаңтарына дейін жүзеге асыру жоспарланған.

“Qolda 3.0” бағдарламасының үшінші кезеңінде жеңіске жеткен ұйымдар:
1. Аймақтардағы төтенше жағдайлар кезінде халықты ақпараттандыру мен қолдаудың ұзақ мерзімді және онлайн шешімдерін әзірлеу, аймақтық ҮЕҰ-ның төтенше жағдайларға ден қою қабілетін арттыру, аймақтарда волонтерлікті дамыту бойынша жобалар:
• Қызыл Ай Қоғамы Қоғамдық бірлестігінің Павлодар облыстық филиалы. Қамту аймағы – Павлодар облысы;
• «Локо» оқу-кеңес орталығы» ЖМ. Қамту аймағы – Ақтөбе қаласы;
• «Ардос-Жүрек» мүгедектер бірлестігі» ЗТБ. Қамту аймағы – Петропавл қаласы;
• «Ұлағат» Қоғамдық бірлестігі. Қамту аймағы – ШҚО және Алматы облысында жобаны кеңейту.
2. Ауылдық аймақтардағы әр түрлі зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған жобалар:
• «Verum Foundation» Қоғамдық бірлестігі. Қамту аймағы – Қазақстанның 10 аймағы;
• «Заң Талабы» құқық қорғау орталығы» Қоғамдық бірлестігі. Қамту аймағы – Түркістан облысы;
• «QazYmCenter» Қоғамдық бірлестігі. Қамту аймағы – Өскемен қаласы.
3. Эко-білім беру және эко-волонтерлікті дамытуға бағытталған жобалар:
• «Green Help» Қоғамдық бірлестігі. Қамту аймағы – Петропавл қаласы;
• «Ұмай» мектеп жасына дейінгі балаларға арналған қайырымдылық үйі». Қамту аймағы – Қызылорда қаласы;
• «Центр семьи» Қоғамдық қоры. Қамту аймағы – Семей қаласы;
• “Новое Время” ЖМ. Қамту аймағы – Қарағанды қаласы.
4. Еңбек нарығында жұмыссыздарды қалпына келтіруге, микро және нано бизнесті бастауға арналған жобалар:
• «Белес-Жетысу» Қоғамдық қоры. Қамту аймағы – Алматы облысы;
• «Colden Hearts» Қоғамдық бірлестігі. Қамту аймағы – Петропавл қаласы.
5. Aдвокаттық жобалар:
• «Ты – не один» Қоғамдық қоры, Республикалық маңызы бар жоба;
• «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы, Республикалық маңызы бар жоба;
• «Tandau Foundation» Қоғамдық қоры, Республикалық маңызы бар жоба.

8 адамнан тұратын грант комитеті келесі критерийлерді басшылыққа алды:
• Қолдану идеясының «Qolda 3.0» мақсатына, міндеттеріне және талаптарына сәйкес келуі;
• Жобаның орынды және нақты бюджеті;
• Әлеуметтік нәтиже және оның ұзақ өмір сүруі;
• Жобаның тұрақтылығы;
• Жоба тобының біліктілігі.

«Qolda» жоба жайлы толығырақ ақпаратпен http://qolda.org/ ресми сайтында және https://www.instagram.com/efca_kz/ әлеуметтік парақшасында таныса аласыздар.
Еске сала кетейік, бағдарламаның бірінші кезеңі 2020 жылдың 23 сәуірінде басталып, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларын қамтыды. Негізгі мақсат халықтың әлеуметтік осал топтарына азаматтық және волонтерлік ұйымдарының көмегін үйлестіру арқылы карантиндік және төтенше жағдайлардың халыққа теріс әсерін азайту болды. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында қазақ тілінде пандемия мен карантин туралы сапалы мазмұндағы материалдар саны айтарлықтай өсті. «QOLDA» бағдарламасының бірінші кезеңінің гранттары (Qolda 1.0) Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан 11 ҮЕҰ-ға, сондай-ақ 7 БАҚ-қа берілді. 2020 жылдың 23 сәуірі мен 23 тамызы аралығында 11 ҮЕҰ 2000-ға жуық мұқтаж отбасыларына көмек көрсетті, шағын және орта бизнес өкілдеріне 1400-ден астам консультациялар, 5 диспансерлік емханаға 2300 түскі және кешкі ас
берілді.
2020 жылдың 9 қарашасында «QOLDA» шұғыл көмек бағдарламасының екінші кезеңі (Qolda 2.0) басталды. Қазақстанның 8 облысынан 12 ҮЕҰ грант жеңіп алды. Үкіметтік емес ұйымдар Қазақстанның 14 аймағындағы 27752 бенефициарға қолдау көрсетті. 5 194 отбасы гуманитарлық көмек алды, оның ішінде аз қамтылған көп балалы отбасылар, мүгедек балалары бар отбасылар, көмекке мұқтаж ардагерлер мен тыл еңбеккерлері, ВИЧ-пен өмір сүретін адамдар, онкологиялық науқастар, толық емес немесе көп балалы отбасылардағы бұрын сотталған азаматтар. Өз-өзіне қол жұмсау әрекетіне барған зорлық- зомбылық құрбандары – әйелдер мен балалар, суицидке бейім адамдар, мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарымен жалпы саны 1788 психологиялық терапия өткізілді. 3 қоғамдық өзара көмек көрсету қызметі құрылды.
________________________________________
«Qolda» шұғыл көмек бағдарламасы Орталық Азияның Еуразия Қоры және “Шеврон” компаниясының серіктестігімен жүзеге асырылып отыр.

Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) – 2005 жылы аймақта құрылған үкіметтік емес ұйым. ОАЕҚ жергілікті қауымдастықтарды нығайту мен азаматтық және экономикалық әл-ауқатын жақсарту арқылы, азаматттардың өз болашағын құруда белсенді қатысуға көмектесу үшін қоғамдық және жеке ресурстарды жұмылдырады.

«Шеврон» – дүниежүзіндегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Біз табысты да тұрақты әлем құруда қолжетімді, сенімді әрі таза энергияның рөлі зор деп санаймыз. “Шеврон” мұнай мен табиғи газ шығарады, транспорттық отын, жанар-жағармай және мұнайхимия өндіреді, бизнес пен саланы жетілдіретін технологияларды дамытады. Көміртек шығарындылары төмен болашақ құру үшін біз көміртек өндірісін тиімді төмендетуге, жаңғырмалы энергия көздерінің көлемдерін арттыуға, сонымен қатар төмен көрміртекті коммерциялық мақсаттағы технологияларға инвестициялауға ерекше назар аударамыз.

 
 
1 496 қаралым