Жарияланды: 16.09.2021

“ШЕВРОН” КОМПЬЮТЕРЛІК ТОМОГРАФ ТАБЫСТАДЫ

«Шеврон» COVID-19 індетімен күресті қолдау аясында Қазақстанның медициналық мекемелеріне алты компьютерлік томографты табыстады.

Алматы, Қазақстан, 2021 ж. 16 қыркүйек — Қазақстан Республикасына коронавирус пандемиясымен күресуге гуманитарлық көмек көрсету бойынша кең ауқымды бағдарламасының аясында, «Шеврон» компаниясы елдің медициналық мекемелеріне Aquilion PRIME SP сериялы алты компьютер томографын сатып алып, тегін табыс етті.  Бүгін А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия ғылыми орталығында осы жабдықты ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың қатысуымен осы жабдықты табыстау рәсімі өтті.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі белгілеген қажеттіліктерге сәйкес жаңа жабдық келесі медициналық мекемелерде орнатылған:

− Қазақ онкология және радиология ғылыми зерттеу институты (Алматы),
− А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия ғылыми орталығы (Алматы),
− Қарағанды Медициналық университеті,
− «Шымкент Жүрек орталығы» АҚ,
− Жамбыл облыстық көп салалы балалар ауруханасы(Тараз),
− Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті (Ақтөбе).

Медициналық жабдықты табыс ету рәсімінде «Шеврон» компаниясы Еуразия бөлімшесінің бас директоры Джон Балтц былай деді: «Шеврон» корпорациясының атынан мен осы жоғары технологиялық жабдықты Қазақстан ауруханалары мен емханаларына қуанышпен табыс етемін. Біз Қазақстан елімен 30 жылға жуық уақыт бойы сенімді және табысты серіктестік қарымқатынастамыз. Осы үлесіміз арқылы адамдарды қорғауды жалғастырамыз және Қазақстаның COVID-19 таралуына қарсы күрестегі қажырлы күш-жігерін қолдаймыз деп үміттенеміз».

Өз тарапынан денсаулық сақтау министрі Алексей Цой: «Шеврон» компаниясы әлеуметтік жауапкершілігін бірнеше рет көрсете білді. Сіздерге елімізге көрсеткен гуманитарлық көмек және дәрі-дәрмек бергеніңіз үшін алғыс айтқым келеді. Берілген дәрілік заттар, ЖҚҚ және жабдықтар Қазақстанда пандемиямен күресуге және алдын алуға уақытылы көмек көрсетеді».

 

Анықтама үшін:

Соңғы 18 айда Денсаулық сақтау министрлігі мен «Шеврон» компаниясы елге пандемия өршіп тұрған кезде қажетті дәрілік заттар мен жабдықты анықтады. «Шеврон» келесі дәрілік заттарды жеткізуді ұйымдастырды:

• 14 миллион дозасы бар 17 дәрілік заттар,
• 400,000 жеке қорғаныс құралдары жиынтығын (ЖҚҚ),
• 15 миллион қолғап,
• 1,5 миллион шприц.  

Сонымен қатар ICAP Қазақстан (Колумбия университетінің қоғамдық денсаулық сақтау мектебі)және ҚР Қоғамдық денсаулық сақтау орталығымен бірге «Шеврон» инфекциялық аурулардың алдын алу және емдеу бойынша дәрігерлерді және медицина мекемелерін дайындау бойынша кешендік бағдарламасын бастады.
###

Байланысатын тұлға: ​

«Шеврон Мұнайгаз Инк.»  

Еркін Зікібаев +7-701-7228663;

Жанар Қошпанова+7-701-711 7759

1 122 қаралым