Жарияланды: 22.10.2021

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жайында түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – еліміздегі мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Бұл бағытта Қазақстан Республикасында арнайы заңдар қабылданып, кешенді шаралар атқарылуда.

Дегенмен, қоғам дертіне айналған осынау келеңсіздікпен күрестің тиімді бір жолы – қоғам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Өскелең ұрпақты ел патриоты, қоғам жанашыры ретінде тәрбиелеу.

Бүгін №1 емханада медициналық ұйым қызметкерлерімен Шымкент қалалық ақпараттық-ағартушылық штаб мүшесі Ахметова Алия Әбішқызы жүздесті. Басқосуда сыбайлас жемқорлықтың зияны мен оған қарсы қолданылар шаралар туралы дәрігерлерге түсіндіріліп, дәріс оқылды.

1 199 қаралым