Жарияланды: 02.11.2021

Halyk Homebank қосымшасының QR-коды құжаттарды ХҚКО рәсімдеуге және мемлекеттік бажды кассаға бармай-ақ төлеуге мүмкіндік береді

Енді жеке басты куәландыратын құжаттарды алған немесе жаңартқан кездеоларды ресімдегені үшін мемлекеттік бажды Халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚКО) “бір терезе” қағидаты бойынша Halyk Homebank қосымшасының QRкоды көмегіментөлеуге болады.

       Келушілерге ыңғайлы болу үшін қызметті қолдану мүмкіндігінше жеңілдетілген. ХҚКО-да төлқұжат пен жекекуәлікті рәсімдеу кезінде енді кассаға барудың қажеті жоққұжат алу немесе өтінім беру кезінде бір талон алыпСізгеқызмет көрсететін көші-қон қызметінің операторынан HalykHomebank қосымшасының QR-кодын пайдалана отырыпмемлекеттік бажды төлеу жеткілікті.

       Қызметті Halyk BankҚР Ішкі істер министрлігі, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібіминистрлігі және “Азаматтарға арналған үкіметмемлекеттік корпорациясы бірлесе жүзеге асырды.

       Төлемнің бұл әдісін енгізу қажеттілігі бұрыннан пайдаболдыөйткені жеке куәлікті тіркеу қызметі ең танымалқызметтердің бірі: тек өткен жылдың өзінде атаулы қызметті 2 миллионнан астам рет қолданғанБұған дейін келушілер қызмет үшін кассаның терезесіне бару арқылы мемлекеттік баж салығын төлеп келген.

        QR-код арқылы төлеу өте ыңғайлы, тағы бір даусыз тиімді жеріHalyk Homebank қосымшасының QR-кодыментөлеген кезде комиссия жоқ, ал касса арқылы төлеген кезде белгілі бір комиссия бар. Бұдан басқаHalyk Homebankқосымшасындағы QR көмегімен төлем қызметін пайдалана отырып, банк клиенттері жүзеге асырған әрбір төлем үшінжоғары бонустар алады.

          Halyk Homebank қосымшасының QR-коды көмегіменХҚКО жер учаскелеріне актілерді дайындау және беру, жылжымайтын мүлікке, Кондоминиум объектілеріне құқықтарды тіркеу бойынша қызметтерді және Мемлекеттік тізілімнен халыққа көрсетілетін басқа да қызметтерді қосымша төлеуге болады.

СоныменHalyk Homebank қосымшасы арқылы мемлекеттік бажды қалай төлеуге болады:

• Банк қосымшасына кіріп “QR” белгішесін іске қосыңыз
• ХҚКО операторы мониторының экранынан QR сканерлеңыз және төлем жасау үшін Halyk Bankкартасын таңдаңыз
• Төлем жасаңыз

Қызмет Қазақстанның барлық қалаларындағы ХҚКО клиенттері үшін қолжетімді.

2 440 қаралым