Елбасымыз 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдаудың аясында 5 жыл ішінде АӨК-дегі еңбек өнімділігін және өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын кемінде 2,5 есеге арттыру мақсатында «Түркістан облысы ауыл шаруашылығы саласының 2017-2021 жылдарға арналған болжамдық еңбек өнімділігі көрсеткіштері» экономикалық даму концепциясын — Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан берілген тапсырмаға сай, 2017-2021 жылдарға арналған болжамдық еңбек өнімділігі көрсеткіштерін әр аудан мен қала кесіндісінде жасалып, басқарма тарапынан ағымдағы жылы наурыз айының 6-7 күндері Астана қаласына арнайы іс-сапармен барып, министрлікте қорғалды. Түркістан облысы ауыл шаруашылығы саласының аудан мен қалалардағы әрбір ауыл әкімдіктері (барлығы 186 ауыл әкімдіктері) кесіндісінде әзірленген, 2017-2021 жылдарға арналған болжамды еңбек өнімділігі көрсеткіштерін басқарма тарапынан мамыр айының 14-15 күндері Астана қ. Ауыл шаруашылық министрлігіне арнайы іс-сапармен барып, қорғалып, министрлік тарапынан оңды бағасын алды. Ал, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан алдағы бес жылда АӨК-дегі еңбек өнімділігін 3,0 есеге, өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын кемінде 3,5 есеге арттыруды тапсырып отыр. Расында аграрлы аймақ Түркістан облысында ауыл шаруашылық саласында даму көрсеткіші жылдағыдан да жоғары болады деген жоспар бар.