Жарияланды: 20.11.2021

Медициналық колледж студенттері Комирнати (Pfizer) вакцинасын салдырды

№1 қалалық емханада ҚРДСМ бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 20 қазандағы № 46 қауылысына сәйкес 2021 жылдың 16 қарашасынан бастап жасөспірімдерге, жүкті әйелдерге және бала емізетін әйелдерге коронавирусқа қарсы Pfizer компаниясының «Комирнати» вакцинасын салу басталды.

Екпеден алдын дәрігерлер екпе алушыларды медициналық тексеруден өткізіп, қарсы көрсетілімдері болмаған жағдайда екпе егуде. Екпе жасөспірімдерге ата-анасының немесе оның заңды өкілдерінің ерікті келісімінен кейін салынуда.

Бүгінгі күні емханада Шымкент жоғары медициналық колледжінің бірқатар студенттері Комирнати (Pfizer) вакцинасын ерікті түрде, ата-аналарының келісімімен салдырды. Екпе алғаннан кейін 30 минут бойы дәрігердің бақылауында болады.

Вакцина салдырған азаматтардың денсаулықтарында ешқандай теріс әсерлер орын алмады.

COVID-19 індетін жеңудің және қалыпты өмірге қайтудың бірден — бір тәсілі — вакцина салдыру! Барлықтарыңызды вакцина салдыруға шақырамыз!

1 277 қаралым