Жарияланды: 21.12.2021

Шымкентте 16 жастағы қыз 5-қабаттың терезесінен құлап кетті

Шымкентте 16 жастағы қыз бесінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті. Зардап шегушінің жағдайы өте ауыр, ол жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы «OTYRAR» телеарнасының «Жедел шақырылым» бағдарламасының тілшілері хабарлады.

Оқиға 20 желтоқсанда «Асар-2» шағын ауданында болған.

Бұл өз-өзіне қол жұмсау әрекеті ме, оны полиция анықтайтын болады.

781 қаралым