Жарияланды: 24.12.2021

Өзбекстанмен сыбайлас жемқорлыққа қарсы ынтымақтастықты нығайтудағы кезекті қадам

Өзбекстанмен сыбайлас жемқорлыққа қарсы ынтымақтастықты нығайтудағы кезекті қадам Ағымдағы жылы 23-24 желтоқсанда Өзбекстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі директорының орынбасары Т.С. Хайдаров бастаған делегация екі елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомстволары арасында қол қойылған Меморандумды іске асыру үшін Қазақстанға іс-сапармен келді.

Кездесу барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы М. Ахметжанов еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты туралы қысқаша айтып берді. ТМД сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Мемлекетаралық Кеңестің төрағасы ретінде әріптестерін келесі отырысқа қатысуға және қосылу мүмкіндігін қарастыруға шақырды.

Осыдан кейін жұмыс деңгейінде тәжірибе алмасу бойынша сессиялар өткізілді. Сыбайлас жемқорлық үшін әкімшілік жауапкершілік, мемлекеттік сатып алу жүйесі, кірістер мен мүлікті декларациялау, НҚА жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама мәселелері шетелдік әріптестердің ерекше қызығушылығын тудырды.

-ақ, делегация Халыққа қызмет көрсету орталықтарында, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Ахуалдық орталығында, Сарыарқа ауданы әкімдігінің сервистік орталығында және Antikor ortalygy-да болды. Бұл делегация мүшелеріне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтатын қызметтерді көрсету және алу процестерімен егжей-тегжейлі танысуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, өзбек әріптестер Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің өкілдерімен кездесті. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің алаңында қылмыстық процесті автоматтандыруды қамтамасыз ететін жүйелер таныстырылды. Тараптар өзара тиімді, оның ішінде онлайн режимде семинарлар ұйымдастыру арқылы ынтымақтастықты дамытуға ниетті екендіктерін білдірді.

546 қаралым