Жарияланды: 29.12.2021

Атышулы арақ суррогат болып шықты

Түркістан облысында ер адам «Көк тау», «Қызылжар», «Құлан» сынды танымал алкогольдік ішімдіктерді қолдан жасаған, деп хабарлайды eltumar.kz порталы otyrar.kz. сілтеме жасап.

Бұл деректі қаржы мониторингі агенттігі анықтады. М.Мейірбековтің суррогат өнімді шығаратын тұтас астыртын цехы болған. Ер адам антисанитариялық жағдайда қолдан жасалған алкогольді заңсыз өндірген. Сарыағаш, Келес аудандарында сатқан. Тәртіп бұзушы бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.

«Тінту кезінде 930 УКМ, көлемі 0,5 литр әртүрлі маркалы 2647 бөтелке арақ, 200 литр спирті бар сұйықтық, сондай-ақ алкогольді ішімдіктерді құюға және жасауға арналған этикеткалар, қақпақтар және басқа да заттар тәркіленді. Суррогаттық өнімдерден уланғандар туралы мәлімет жоқ», — дейді Түркістан облысы Экономикалық тергеу департаментінің басшысы Әлімжан Сартбай.

Көркем Үсібалиева

1 529 қаралым