Жарияланды: 29.12.2021

Құрмет Талапқазыға Шымкентте үй сыйлады

Құрғақшылық орын алған аймақтарды жем-шөппен қамтамасыз етуге мұрындық болған Құрмет Талапқазыға 3 бөлмелі үй сыйға тартылды. 

Құрметке лайық Құрметті бүкіл ел болып осылайша құрметке бөледі. Халықтың жағдайына қарасқан жомарт жігітке ел болып ақша жинады.  Барлығы 18,5 миллион теңгеге жуық қаражат жиналған.

 

«Мен үйге бөлінген ақшаның мұқтаж жандарға жұмсалғанын қалаған едім. Бірақ жігіттер үй сатып алды. Қай уақытта да мен отандастарыма қолымнан келгенше көмегімді аямаймын. Әрдайым көмек қолын созуға дайынмын. Менің аз ғана еңбегімді бағалаған халқыма рахмет», – деді Құрмет Талапқазы.

Биылғы жылдың маусым айында еліміздің батыс облыстарында құрғақшылық салдарынан мал жаппай қырылғаны белгілі. Одан кейін оңтүстік мегаполистің жас жігіті шөп шабуға ондаған адамды жинап, құрғақшылықтан зардап шеккен аймақтарға 6 вагон шөп пен жоңышқа жіберуді ұйымдастырды.

2 101 қаралым