Қазақстан мен Өзбекстанның Премьер-министрлері екіжақты ынтымақтастықты талқылады. Асқар Мамин өнеркәсіптік кооперация, су энергетикасы, ауыл шаруашылығы және басқа да салалардағы екі ел арасындағы ынтымақтастығының жоғары серпінін атап өтті.
Еліміз осы тұрғыда Өзбекстанмен өзара іс-қимылының жоғары деңгейіне транзиттік көлік саласында қол жеткізді. Теміржол инфрақұрылымын – «Түркістан – Шымкент – Ташкент» жоғары жылдамдықты жолаушылар магистралін және «Дарбаза – Мақтаарал – Жизақ» теміржол желісін дамыту, автомобиль өткізу пункттерін жаңғырту жөніндегі бірлескен ірі жобаларды іске асыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жүктерді тасымалдау үшін қолайлы тарифтік саясат қалыптастырылды. Биылғы жылдың 11 айында ҚР мен ӨР арасындағы теміржол тасымалының көлемі 22,7 млн тоннаны құрады.