Жарияланды: 30.12.2021

Картоптың бағасы қатты таң қалдырды

Жаңа Жыл қарсаңында Шымкентте ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Онда ет өнімдерінен бастап көкөністер, жеміс жидектер мен тәттілер саудаланды. Баға да әр қилы, деп хабарлайды Елтұмар.кз порталы Отырар.кз сілтеме жасап.

Қажымұқан стадионы алдындағы алаңда өтіп жатқан ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесіне келгендердің қарасы қалың. Бәрі де жаңа Жылдық дастарханға қажетті өнімдерді сатып алуға асығыс. Ал өз өнімін көңілге қонымды бағада саудалап отырған Шырынкүл Елқондиева, Отырар ауданынан арнайы жеткізілген жылқы етінен жасалған бесбармақ қонақтарыңыздың көңілінен шығады. Кепілдік беремін,- дейді

Сайрам шаруа қожалығының ет өнімдеріне де сұраныс жоғары, Өйткені, мұнда жылқы еті-2300-2400 теңгеден саудаланса, сиыр етінің келісі 2200-2300 теңге аралығында. Фермерлер базардағы бағадан 15-20 пайыз төмен дейді.

Еркін Шертаев, Шымкент қаласының тұрғыны: «Жәрмеңке үшін билікке рахмет, баға қолжетімді. Осы жерден үнемі азық-түлік аламыз. Мүмкіндікті пайдаланып барлықтарыңызды Жаңа жылмен құттықтаймын».

Көкөніске тоқталсақ, қызанақтың бағасы — 500 бен 1000 теңге аралығында, қиярдың шекті бағасы 1200-ге бір-ақ жеткен. Жергілікті алманың бағасы 250 — 500 теңге төңірегінде. Бананның келісі — 700, лимон 850-1100 теңге, апельсин 650-700тг болса құрма 400-600 теңге аралығында.

Эльмира Құдайбергенова, Шымкент қаласының тұрғыны: «Жәрмеңкеде баға арзан болуы керек. Орын үшін төлемейді. Мысалы сүт өнімдері өздері өндіретін неге қымбат сатады. Осыны ескерсе екен. Ертең енді баға арзан болады деп үміттеніп отырмыз».

Айтпақшы, картоптың бағасы қатты таң қалдырды. Соңғы аптада 220-250 теңгеден саудаланған өнімнің жәрмеңкедегі бағасы 145-180 теңге аралығында. Диқандар егерде қаппен алса картопты да пиязды да қолжетімді бағамен босатуға дайынбыз дейді. Ал ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі 31 желтоқсанда да өтеді.

Шынар Оразова

1 334 қаралым