Жарияланды: 03.01.2022

Атақты емші түнгі клубта кальянмен ұсталып қалды

Атақты емші Айнұр Асқарқызын Түркиядағы түнгі клубта полиция ұстап алған.

Ол отбасымен және достарымен бірге Түркияның Стамбұл қаласында демалып жүрген болатын. Клубта достарымен отырған кезде, полиция кіріп келген, деп хабарлайды Экспресс К.

«Стамбулға келіп, кальянмен ұсталдық. Депортация жасайды деп, паспортымызды бермей отырмыз. Мені видеоға түсіріп алды», — деп жазды Instagram желісіне сіңлісі Гүлсара Асқарқызы.

Емші Айнұр мен қызын полиция келген кезде клубтан шығарып үлгерген. Қазір олар демалыстарын жалғастырып жатыр.

Айнұр желтоқсан айында тұрмысқа шыққан болатын. Ол халық арасына емші, сынықшы және блогер ретінде танымал.

1 578 қаралым