Жарияланды: 13.01.2022

Барлық қазақстандықтың АҚШ-тағы шоттары туралы ақпарат енді қолжетімді болады

Қазақстанның жаңа Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров қазақстандықтардың АҚШ-тағы шоттарын ашуға уәде берді. Бұл туралы министр Мәжіліс отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды «Астана» телеарнасына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министр халықаралық салық тәртібін жетілдіру туралы келісімге келуге үміттенеді. Құжат аясында халық пен барлық қаржы ұйымдары АҚШ-тағы шоттары туралы есеп беруге міндетті. Ақпарат беруден бас тартқан жағдайда олардың банк аударымдарынан 30 пайызға дейін ұстап қалады.

Қазақстан осы келісімге жақын арада қосылады деп хабарланды. Депутаттар да бұл идеяны мақұлдады.

«Келісімге қосылған қаржы институттары Қазақстанда шот ашқан барлық америкалық жеке және заңды тұлғалар туралы ақпаратты анықтауға және ашуға міндетті. Осыған ұқсас Қазақстанның келісімге қосылуы АҚШ — та шот ашқан барлық қазақстандық жеке және заңды тұлғалар туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді», – деп мәлімдеді Қуантыров.

932 қаралым