Жарияланды: 19.01.2022

Елімізде утилизациялық алым жинайтын «Оператор РОП» қызметі тоқтатылды

Қазақстан үкіметі «ӨКМ Операторы» ЖШС-ның (Оператор РОП) қызметін тоқтату туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«ӨКМ Операторы» ЖШС-нің утилизациялық алымды әкімшілендіру және тиісті қаражатты басқару аясындағы қызметі тоқтатылды. Утилизациялық алым қаражаты есебінен құрылған активтер мемлекет меншігіне берілді», — делінген хабарламада. 

Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерін әкімшілендіру функциясын мемлекеттік ұйым – «Жасыл даму» АҚ орындайды.

 

2021 жылдың соңында утилизациялық алым ставкасы мен көлік бағасына наразы болған қазақстандықтар утилизациялық алымды алып тастау талабымен петицияны іске қосты.

Ал жуырда президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке утилизациялық алым ставкасын қайта қарауды және «Оператор «РОП-тың» қызметін тоқтатуды тапсырды. Президенттің пікірінше, бұл жұмыспен шет мемлекеттердегідей мемлекеттік ұйым айналысуы қажет.

1 177 қаралым