Жарияланды: 19.01.2022

Елбасы үндеу жасағанда үстелге не үшін сағат қойғаны белгілі болды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үндеу жасағанда үстелде сағат не үшін тұрғаны белгілі болды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған видеоүндеуі кезінде үстелге не үшін сағат қойғаны анықталды, деп хабарлайды Экспресс К.

Кешегі Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жасаған видеоүндеуі біраз талқыланды. Көптеген сарапшылар Елбасының сөздері мен мимикасын ғана емес, сонымен қатар кеңсенің декор элементтерін де талдай бастады. Соның құпиясына да үңіле бастағандар бар.

Әсіресе, үндеу жасалған кездегі үстелдің үстінде тұрған үлкен сағатқа назар аударғандар көп. Мысалы, бұл сағат осыдан екі ай бұрын Елбасының Түркітілдес елдер саммитінің қатысушылары алдында сөз сөйлеген кезінде болмаған.

Үлкен саясатта ұсақ-түйек нәрсенің өзінде мән болады. Мәселен, Маргарет Тэтчер жасырын хабарлама жасау үшін сәнді түйреуіш тағатын. Мысалы ол қандай да бір мәселе бойынша жол бергісі келмейтінін көрсету үшін араның бейнесі түйреуіш тағып алатын.

Бәлкім, Елбасының жұмыс үстеліндегі сағат халыққа үндеуі дер кезінде әрі нақты болғанын аңғартса керек. Тұңғыш Президент төтенше жағдай аяқталған кезде үндеу жасады. Бірақ дағдарысты шешудің қоғамдық процесіне араласпады.

Сонымен қатар осы жолғы үндеуінің тағы бір ерекшелігі — фонда шырақ түріндегі қабырға шамы жанған жоқ. Оның жасырын мағынасы болмаған шығар. Бірақ ол қайтыс болғандар үшін қайғы мен көңіл айтуды бейнелеген болуы мүмкін.

5 508 қаралым