Жарияланды: 21.01.2022

Айсұлтан Назарбаев мемлекеттік төңкеріс туралы ескерткен

Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Айсұлтан Назарбаев осыдан бір жарым жыл бұрын атасына қарсы жасалған қастандық туралы ескерткен болатын, деп хабарлайды Орда.кз.

2020 жылды 6 маусым күні ол өзінің Facebook-те осындай хабарлама жазды.

«Жалғыз және бір ғана Құдай Ел басы Нұрсұлтан Назарбаевқа сөзін жіберуді сұрады. Ел Басы айналасындағылар салафиттер тобын құрды. Оларды барлық қажетті заттармен демеушілік жасап, соның ішінде қару-жарақпен қамтамасыз етеді. Олардың саны 400-ге жуық. Олар билікті күшпен басып алуды орындау үшін барлық қажетті қарулармен қаруланған. Билікті күшпен алғысы келеді. Олар ормандар мен тауларда жасырынуда. Олардың бір бөлігі астанаға жақын орналасқан Орталық Қазақстанға көшірілді! Спутниктік және радарлық барлау оларды оңай таба алады! Бұл олардың екінші жоспары! Бірақ бұлай болмайды. Өйткені, альфа мен омега басталуы мен аяқталуы осылай деді!» деді Айсұлтан Назарбаев.

Біраз уақыттан кейін, Айсұлтан Facebook арқылы Владимир Путинге «Қазақстандағы жоспарланған төңкеріс туралы барлау мәліметтерін» беру үшін жүгінеді. Бұл қарапайым мемлекетаралық арналар арқылы емес, Назарбаевтың жеке қолына берсін деді. Мемлекеттік төңкерісті ЦРУ жасайды деп жазды.

«Қазақстандағы төңкеріс әрекетінің артында АҚШ-тың арнайы қызметтері тұрды. Атап айтқанда, ЦРУ, олар салафиттер мен радикалды ағымдардың исламистерін қолданады. Барлығы діни немесе ұлтшылдық негізде басталады! … Басты міндет Ресейді қоршап, оны бейтараптандыру үшін Ресейдің мұрнының астына тәртіпсіздер орнату болды. Бұл жоспар 1995 жылы жоспарланған болатын! … Сондай-ақ, президенттің жақын ортасы да қатысты, бұл мұқият ойластырылған операция болды!» деп жазды ол үш күннен кейін.

14 маусым күні Айсұлтан оған президент істері басқармасынан дәрігерлер келіп, оның денесінде алкоголь мен есірткі бар екенін көрсетіп, тест тапсыруға мәжбүр болғанын жазады. Жас жігіт мұны билікті басып алу туралы хабарламамен байланыстырады.

2020 жылы 16 тамыз — осы оқиғалардан екі ай өткен соң Айсұлтан Назарбаев Лондонда қайтыс болды. Британдық сарапшылар өлімнің себебі кокаинге тәуелділік деп шешті.

Айсұлтан Назарбаев – Қазақстанның тұңғыш президентінің үлкен қызы Дариға мен оның бұрыңғы күйеуі Рахат Әлиевтің ортаншы баласы. Ол Сандхурстегі Британ корольдік әскери академиясын бітіріп, Қазақстан қорғаныс министрлігі бас барлау басқармасының штатына қабылданды. Жауынгерлік операцияларға қатысқаны үшін британдық «ерлігі үшін» марапат алды. Футболмен кәсіби түрде айналысты: қазақстандық, аустриялық клубтарда ойнады. Сондай-ақ лондондық «Челси» мен «Порсмут» сапында өнер көрсетті. Англия чемпионатының қола жүлдегері.

2017 жылы Айсұлтан атасы Мұхтар Әлиев қайтыс болғаннан және австриялық түрмеде әкесі Рахат Әлиевтің өзін-өзі өлтіргенін кейін есірткіге тәуелді болып қалғаннын мойындады. Бірақ ол оған тәуелділікті жеңуге атасы Нұрсұлтан Назарбаев мен «Алла» көмектескенін айтты.

Ал 2020 жылдың ақпан айында ол «отбасының» қысымына байланысты Ұлыбританиядан саяси баспана сұрады. Сондай-ақ ол жақын арада не өлетіні немесе не психикалық ауру деп жарияланады деп қорықты.

4 345 қаралым