Жарияланды: 23.01.2022

WhatsApp-та ақша жинау: Рас па фейк пе?

Отандық месенджерлерде балалардың фотосуреттері арқылы таныстарға таратуды үндейтін жазбалар пайда болды. Онда суретті хабарлама көп мөлшерде таратылса, WhatsApp компаниясы фотодағы қыздың еміне көп қаржы беретіні айтылған.

Stopfake.kz сайты бұл ақпараттың жалған екенін растады, деп хабарлайды Экспресс К.

Дәл осындай дыбыстық хабарлама Қазнетте өткен жылы көктемде тараған болатын. Ол кезде мүлдем басқа қыздың суреті таратылды. Кейіннен Риддер қаласының Lider.kz еріктілер қозғалысы бұның спам екенін мәлімдеп, таратуды тоқтатуға шақырған.

Хабарламаларды тарату арқылы WhatsApp-тан төлемдер алу мүмкін емес. Мессенджердегі барлық хабарламалар мен қоңыраулар шифрланған және компания қызметкерлері қолданушылар өзара не жіберетінін білмейді,

— деп жазды сайт.

Қандай да болмасын хабарламаны тарату арқылы науқас балаларға көмектесу туралы үндеулер желінің ағылшын тілді сегментінде де кеңінен тараған болатын.

Бұған дейін сирек кездесетін тері ауруына шалдыққан бала, сондай-ақ қымбат медициналық көмекке мұқтаж сәби туралы жалған хабар тараған болатын. Мұндай таратылымдарға тән белгі — науқастың тұрғылықты жері, аты-жөні, нақты диагнозы көрсетілмейді,

— дейді Stopfake паорталы.

Демек, WhatsApp арқылы ақша жинау туралы хабарлама фейк және оған сенудің қажеті жоқ.

595 қаралым