Жарияланды: 25.01.2022

Қазақстанда жеңілдетілген автонесиенің жаңа бағдарламасы әзірленуде

фото информ

Қазақстанда жаңа көліктердің қолжетімділігін арттыруға бағытталған жеңілдетілген автонесие қайта іске қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы «Хабар» телеарнасының «Большая неделя» ток-шоуының эфирінде ҚР Индустрия және инновациялық даму вице-министрі Марат Қарабаев мәлімдеді. «ӨКМ Операторы» ЖШС-нен өкілеттіктер мен активтерді «Жасыл Даму» АҚ-ға бергеннен кейін Үкімет жиналған қаражатты азаматтардың көңілінен шығатындай жеңілдетілген автонесие бағдарламасын қайта бастауға бағыттау мүмкіндігін зерделеуде», — деді вице-министр. Ол теңгемен жылдық 4 пайыздан аспайтын бастапқы жарнасыз автокөлік сатып алу мүмкіндігі қарастырылып жатқанын айтты. Сонымен қатар, Қарабаев отандық автокөліктерді жеңілдікпен сатып алуға ваучерлер беру бағдарламасын әзірлеу туралы мәлімдеді. Барлық жеңілдікті бағдарламалардың тізбесі мен мазмұнын сарапшылар мен жұртшылықтың қатысуымен жұмыс топтары зерттейтін болады. Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке автомобильдерден кәдеге жарату алымын өндіріп алу бойынша ӨКМ операторының мөлшерлемелерін қайта қарауды тапсырған болатын.

 

937 қаралым