Жарияланды: 27.01.2022

Түлкібаста ұн наубайханаларға арзан бағада сатылуда

 

Қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі азық-түлік бағасын тұрақтандыру. Түлкібас ауданында облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, бидай ұны наубайханалар мен тұрғындарға қолжетімді бағада ұсынылуда, деп хабарлайды eltumar.kz ақпарат агенттігі. 

 
«TURAN GROUP COMPANY» ЖШС-нің «AZIA NAN» ұны өңірдегі сауда нүктелеріне жеткізілуде.
Диірмен басынан алатын кәсіпкерлерге жоғары сортты бидай ұны 9 800 теңге, I сортты ұн 8 800 теңге, II сортты ұн 6000 теңгеден сатылуда. Аптасына 140 тонна ұн өндіретін кәсіпорында 48 адам жұмыспен қамтылған. Аудан әкімі Нұрлан Байғұт диірменге арнайы барып, өңірде ұн бағасын тұрақтандыру үшін кәсіпкерлерге қолдау көрсетілетіндігін айтты. Сонымен қатар, аудан орталығынан дүкен ашуды ұсынды.
 
1 058 қаралым