59 жастағы ер адам қолдан жасалған арқанмен 9-шы қабаттан түспек болған.
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Экспресс К.
«26 қаңтар күні полицияға Құдайбердіұлы көшесіндегі тұрғын үйдің бірінен ер адамның құлап кеткені туралы хабар түсті. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері 59 жастағы адамның мәйітін тапты. Кейін оның жаймалар арқылы 9 қабаттан түспек болып, құлап кеткені анықталды,»- деп көрсетілген хабарламада.
Қалалық ПД аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр.