Жарияланды: 25.07.2018

Индикаторлық жоспар 105 пайызға орындалды

Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданы биылғы жарты жылдықты тоолайым табыстармен аяқтап отыр. 2018 жылдың І жартыжылдығының қорытындысымен ауыл шаруашылық саласында 11 миллиард 414 миллион теңгенің өнімі өндіріліп, 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 101,6 пайызды құрады. Оның ішінде мал шаруашылығының өндірісі 10 миллиард 615 миллион 800 мың теңге, 101,7 пайыз, егін шаруашылығы 708 миллион 200 мың теңге,яғни, 100 пайыз орындалып отыр. Балық шаруашылығы 90 миллион теңге табыс тапты. Яғни, 100 пайыз орындалып отыр. Жылдық индикаторлық жоспар 105 пайызға орындалды. Ауданда егін шаруашылығында да, мал шаруашылғында да табысты еселейтін көрсеткіштер көп болғалы отыр. Аудандағы шаруа қожалықтары да биыл ауыл шаруашылық өнімдерінің табысты болатынын айтып отыр. Жетістік жоғары, аудан үшін биылғы жыл жемісті болып отыр. Жыл соңына дейін әлі де талай қарқынды жұмыстың атқарылып, толайым табыстарға кенелері сөзсіз. Ауданда құрылыс саласы да қызу жүргізілуде. Құрылыс индикаторы 148,4 пайызға орындалып облыс бойынша бірінші орынға шықты.

1 100 қаралым