Жарияланды: 29.01.2022

Атырау облысында жантүршігерлік жол апатынан 2 бала мен 3 ересек адам көз жұмды

фото ҚазАқпарат

Атырау облысында жантүршігерлік жол апатынан 5 адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол-көлік апаты бүгін, 28 қаңтарда сағат 16:00 шамасында болған.

Атырау облысының Доссор кентінен Маңғыстау өңіріндегі Бейнеу ауданы бағытына қатынайтын тас жолдың 71-шақырымында екі көлік соқтығысқан. Оның бірі – Өзбекстан Республикасында тіркелген «MAN» маркалы жүк тасымалдайтын, ал, екіншісі – Алматы облысының тұрғынына тиесілі «Toyota Camry» маркалы жеңіл көлік. «Жол-көлік апатының салдарынан «Toyota Camry» көлігінің жүргізушісі мен 4 жолаушысы оқиға орнында мерт болды. Көз жұмғандардың екеуі – кәмелет жасына толмаған жасөспірім», -деп мәлім етті баспасөз қзыметінен. Қазір полиция қызметкерлері жол-көлік апатын болған орнында тергеп-тексеру амалдарын жүргізуді бастады.

565 қаралым