Жарияланды: 25.07.2018

Мақтааралдың қауынын ресейліктер алқап басынан алып кетуде

Дәмі тіл үйіретін Мырзашөлдің қауындары сұраныссыз қалған кезі жоқ. Бал татитын қауындары Ресейге экспортталуда. Биыл Достық ауыл округінде ерте егілген қауын пісіп жетіліп егіс алқаптарында терім жұмыстары қыза түскен. Биыл өңір дихандары 27 мың гектарға бау бақша дақылдарын ексе, оның ішінде   19500 гектарына қауын, 7 мың гектарға қарбыз еккен. Соңғы жылдары Достық ауылының шаруалары қауыннан түсетін пайданың тәп тәуір болатынына әбден көз жеткізген. Қауынды егіп, өсіріп, пісіп жетілгенге дейін күтіп баптайтын нағыз агроном болып алды. Біраз дихандар мақта егуден бас тартып қауын өсіруге біржолата көшті. Аудан дихандары биыл да 1800 гектарға қауынның бірнеше сорттарын екті. Ерте көктемде егілген қауын әлдеқашан пісіп жетіліп  шекара асты. Қауындар пісіп бастап жүк көліктеріне тиеліп жатыр. Махмуд Закиров, Достық ауыл округі әкімдігі аппаратының бас маманы: «1800 гектарға  қауын егілген. Содан қазір «Дуга» деп аталатын сұрыпы, сосын пленка асытан егілгендері пісіп жетілді. Қауынның  алғашқылары Ресейдің Новосібір, Челябинск аймағына жөнелтілуде» дейді. Қауын егу арқылы пайдаға кенелгендердің бірі «Нуриддин қажы» шаруа қожалығының төрағасы Хасан Темиров. Ол биыл 66 гектардың 12 гектарына қауын еккен. «Биыл жылдағыдан қауын бағасы жоғары болып тұр. Шаруа қожалығымыздың өз жеріне егілген. Бір қорабының өзі 2 000- 2 300 теңге болып жатыр. Челябинскіден клиенттер келіп алып кетіп жатыр. Өздері тиеп алып кетеді. Қожалықта 12 адам жұмыс істеуде» дейді. Биыл басқа жылға қарағанда қауын еккенедер аз. Бірақ қауын бағасы жоғары болып тұр.

Асылбек Данияр

 

1 057 қаралым