Жарияланды: 30.01.2022

Сексуалды маньяк адам өлтіріп барып, сүйгенімен тояттаған

«5:32» сериалында басты рөлді сомдаған актер Аян Батырбек сыртқы сымбатымен талай қыздың жүрегін жаулап үлгерді. Экспресс К тілішісі 22 жастағы әртісті сұхбатқа тартты.

Бүгінде актердің ұялы телефонына тыным жоқ. Аянға күнде түрлі қыздар хабарласып, кездескісі келеді екен. Аян «5:32» сериалының жетінші бөліміне белгілі актриса Әйгерім Дәлиевамен бірге түсті. Сериалда екі маньяк бір-біріне ғашық болады. Олар құрбандарын бірге азаптап өлтіреді.

 
 

Видеохикаяда ғашықтардың рөлін беріліп ойнаған актерлерді көрермен өмірде де бір-біріне ғашық болып қалды деп топшылаған. Алайда Аян бұл сыбысты жоққа шығарды. Ол Әйгерімді тек актриса ретінде сыйлап, ұнатады екен.

 

Әйгерім өте кәсіби актриса. Мен оған тек сахналық әріптесім ретінде қарадым. Ал сүйісу сахнасына келетін болсам, ол — біздің жұмысымыз. Режиссердің барлық талаптарын орындадық,

— дейді Аян Батырбек.

instagram.com/ayanwizard
instagram.com/ayanwizard

Актер әлі отбасын құрмаған. Оған қарапайым әрі сыпайы қыздар ұнайды екен. Salem social media ұсынған «5:32» атты жаңа веб-сериал 11 қараша күні көрермен назарына жол тартты. Видеохикая кісі өлтіруші маньяктар жайлы. Сериалдың режиссері әрі сценариін жазған Әлішер Өтев.

1 898 қаралым