Жарияланды: 30.01.2022

“Қалаулымның” студиясы өртенді, қатысушылары жантүршігерлік жол апатына түсті

Атышулы «Қалаулым» ток-шоуына қатысып отбасын құрған әнші Ислам Алтайбаев пен Шынар Меджанова жол апатына түсті

«Қалаулым» жобасы арқылы отбасын құрған Ислам Алтайбаев пен Шынар Меджанова жантүршігерлік жол апатына түсті, деп хабарлайды Экспресс К.

Олар Алматы-Семей бағытында жолға шыққан. 27 қаңтарда тайғақ жолда апатқа ұшыраған. Семейде Шынар Меджанованың ата-анасы тұрады.

instagram/shynar_mejanova
instagram/shynar_mejanova

Екінші өмір сыйлаған аллаға шүкір. Періштеміз бар екен,

— деп жазды Шынар Меджанова.

instagram/shynar_mejanova
instagram/shynar_mejanova

Бұған дейін Қалаулым» қатысушысы болған Бердах Бекетовтің митингке шыққаны үшін қамалғанын жазғанбыз.

Алматыда 5-6 қаңтардағы бүлік кезінде отандық телеарналардың бірінен шығатын «Qos Like» және «Бір болайық» («Қалаулымның» жалғасы) бағдарламаларының студиясына шабуыл жасалған болатын.

 
4 407 қаралым