Жарияланды: 01.02.2022

«5:32-дегі» сексуалды маньяктың нақсүйеріне бұзық жігіттер ұнайды

Salem Social Media шығарған «5:32» веб-сериалында басты рөлді сомдаған актриса Әйгерім Дәлиева ер азаматтарға қатысты ойын білдірді.

Экспресс К тілшісіне берген сұхбатында 34 жастағы актриса өмірлік серігін әлі жолықтырмағанын айтты. Бірақ Әйгерімге қарапайым жігіттен гөрі «жаман», тентек жігіттер ұнайды екен.

instagram.com/aigerim_daliyeva
instagram.com/aigerim_daliyeva

Бұрын жаман жігіттерді жақсы көретінмін. Олар кез-келген мәселені тез шешіп, мені қорғай алатын сияқты көрінетін. Әкесіз өстім. Сондықтан мені біреу қорғағанын қалайтынмын,

— дейді актриса.

instagram.com/aigerim_daliyeva
instagram.com/aigerim_daliyeva

«5:32» сериалында басты рөлдердің бірін сомдаған актрисаның танымалдылығы күннен күнге артып келеді. Осыған орай оның ерекше өнерін бағалайтын фанаттары да көбейген.

 
 

Актриса веб-сериалда Карина есімді маньяктың рөлін сомдайды. Видеохикаяда Дәлиева ашық жыныстық қатынасты бейнелейді. Онда сериалдағы әріптесімен сүйісіп, махаббат көрінісін көрсеткен. Сериалда Карина маньяк жігітке ессіз ғашық болады.

Salem social media ұсынған «5:32» атты жаңа веб-сериал 11 қараша күні көрермен назарына жол тартты. Видеохикая кісі өлтіруші маньяктар жайлы. Сериалдың режиссері әрі сценариін жазған Әлішер Өтев.

1 042 қаралым