Жарияланды: 25.07.2018

Диханның еңбегі еселі

Түркістан – аграрлы аймақ. Бүгінгі таңда өңірден көрші елге ет, көкөніс өнімдері экспортталуда, деп хабарлайды «Оңтүстік» телеарнасы. Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі де артып келеді. Түркістан — ауыл шаруашылығына икемді аймақ. Бұл жердің тұрғындары қол қусырып қарап отырмай… қысы-жазы аянбай тер төгеді. Есхан ауылында 16 410 тұрғын бар. Жергілікті халықтың басым бөлігі ауыл шаруашылығымен айналысады. 20-ға жуық мал бордақылау алаңы бар. Экономикалық, экологиялық жағдайы да жаман емес. Биыл ауылдықтар  көптен күткен көгілдір отынға да қол жеткізбек. Мұндағы ірі қаралар Қостанайдан арнайы әкелінген. Қазақтың ақбас сиырын ұстайды. Қорада 1000-нан астам мал жемге қойылған. Әрқайсысы 800-900 келі ет береді. 120 күн байлап, оның етін облыс базарларына өткізеді. 6 адам жұмыспен қамтылған. Мұраттың мұнда еңбек ететініне 2 жыл. Төрт түліктің жем-шөбін қамдап, бабын жасайды. Жалақысы тұрақты. Бір отбасын бағуға жетеді. Ауылдағы диқандардың да еңбегі еселі. 5 377 гектар жерге  мақта,  1000 гектарға көкөніс, 1 015 гектарға жүгері еккен. 1 015 ірі шаруа қожалық жұмыс істейді. Қауын-қарбыз пісіп, оны Ресей еліне жөнелтіп жатыр. Қосымша қойма да бар. 56 миллион теңге жұмсалған нысанда көкөніс, жеміс-жидектің түр-түрін сақтауға болады. Шаруа қожалығы өнімді шет елге экспорттауды жоспарлап отыр. Аграрлық сектордың даму деңгейі қазақстандық қоғамның экономикалық және қоғамдық-саяси тұрақтылығын анықтайды. Бұл ретте, өңір халқы… нәпақасын қара жерден айырып, облыстың өркендеуіне өздерінше үлес қосуда.

М.ӘСЕМБЕК              

1 155 қаралым