Жарияланды: 02.02.2022

Аттестациядан өту үшін мұғалімдерден ақша жинаған – Білім және ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстан облысында мұғалімдер арасында жанжал туындады. Зайсандағы балабақшалардың бірінде меңгеруші мемлекеттік аттестациядан өту үшін әріпетестерінен ақша жинаған. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі мәлімдеді. Мекеме меңгерушісі қызметінен босатылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап. 

 

«24 тәрбиешіден балабақша меңгерушісінің мемлекеттік аттестациядан өту үшін ақша жинағаны туралы арыз келіп түсті. Қазір бұл мәселені жауапты органдар қарауда. Білім бөлімінің басшысының сөзінше, мекеме меңгерушісіне бұған дейін екі рет сөгіс жарияланған», — деді Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру бөлімінің басшысы Сәуле Балтабаева. 

Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің дерегінше, мұғалімдер ұжымынан түрлі себептерге байланысты ақша жинау туралы анонимді арыздар келіп түседі екен. Бұған дейін құқық бұзушылықтар жайлы Түркістан және Алматы облысының мұғалімдері хабарлаған.

1 067 қаралым