Жарияланды: 04.02.2022

Шымкентте ұлын саудалаған көпбалалы ана сотталды

 

 

Шымкентте 1,5 жастағы ұлын сатқан көпбалалы ана 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Іс материалдары бойынша 32 жастағы әйел өзінің 1,5 жастағы ұлын сатпақ болған. Бұл туралы ойын ол танысына айтқан. Ақпаратты ала салысымен полицейлер баланы сатып алмақ болған жұп болып сатушымен байланысқа шыққан. Көпбалалы ана сатып алушыларды баланы көру үшін үйіне шақырған, деп хабарлайды Отырар.

«Айыпталушы кездесуге шақырып, үйіне алып барған. Бастапқыда 1,5 миллион теңге сұраған, кейін 1 миллион теңгеге келісті. Саудаласу барысында полицейлер ақшаны берген, ал әйел баланы дайындап, полицейлердің қолына ұстатқан. Осы сәтте ол қолға түсті. Сауда барысын полицейлер жасырын камераға түсіріп алған», – деп мәлімдеді Шымкент ювенальды сотының басшысы Дәурен Сайханов.

Тергеу барысында анықталғанындай әйел күйеуімен ажырасып кеткен.  Төрт баланы жалғыз асырап отырған. Босанған соң ол баласын жетімдер үйінде тастап кетпек болыпты. Бірақ мамандар райынан қайтарған. 1,5 жылдан кейін қаржы жетіспегендіктен өзінің кіші баласын сатпақ болып бекініпті.

Бұдан бөлек, тағы да бір ана өз баласын сатқан. Ерлі зайыптылар бесінші балаларын бақуатты отбасыда өмір сүргенін қалапты. Осылайша келісім бойынша сатып жіберген. Арада аз уақыт өткенде баланың биологиялық анасы баласын қайтарып алғысы келген. Бірақ асырап алған отбасы баланы қайтарудан бас тартқан. Ал анасы полицияға шағымданған.

697 қаралым