Жарияланды: 04.02.2022

Шымкентте 100 мыңға жуық тұрғын ревакцинацияланды

 

Шымкентте 3 ақпан күні 56 адамның КВИ жұқтырғаны белгілі болды(белгілері бар – 39, белгілері жоқ – 17). 19 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 37 адам үй бақылауына алынды.

 
Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 883 орын бар, төсек орын толымдығы 30%-ды құрайды, 611 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 272 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде –135 төсек орын бар, 40 науқас ем қабылдауда.
 
Бір тәулік ішінде қалада 507 адам вакцина алды
 
(I компонент- 242, II компонент- 265). Егу науқаны басталғалы барлығы 596 514 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 582 823 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Pfizer вакцинасының I компонентін 42 703 адам, II компонентін 16 972 адам қабылдады. 99 464 адам ревакцинацияланды.
 
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
467 қаралым