Жарияланды: 04.02.2022

Қыздардың көз құртына айналған Димаш «Холостяк» шоуына қатысады

фото Нұр.кз

Желі «жұлдызы» әрі модель Димаш Әділет Ресейдің ең танымал «Холостяк» шоу-бағдарламасына қатысуы мүмкін.

Әзірге екі-ақ қатысушының есімі белгілі, деп хабарлайды Экспресс К.

Рeopletalk медиа-порталының жазуынша, «Холостяк» шоуының жаңа маусымында екі бойдақ жігіт қалыңдық іздейді. Біреуі 27 жастағы ресейлік кәсіпкер Александр Гранков. Ол жылқы шаруашылығымен айналысады. Александр бұл атышулы жобаға өзінің өмірлік серігін табу үшін қатысатынын айтты.

instagram.com/dimashadilet
instagram.com/dimashadilet

Ал екінші қатысушы — қазақстандық танымал блогер әрі кәсіпкер Димаш Әділет. 26 жастағы кәсіпкер Алматыда туған. Бірақ 11 жасында Швецарияның Женева қаласына білім алуға аттанған. Димаш — Гарвард университетінің түлегі.

1 966 қаралым