Қаңтар оқиғасы кезінде полиция мен әскерилердің де біразы жапа шекті. Сол сәттен түсірілген видеолар редакцияға жолданды.
Қаңтар айының басында елімізде болған тоқу кезінде полиция қызметкерлері мен ереуілшілер арасындағы қақтығыстан түсірілген эксклюзивті видео Newscorr сервистік қызметіне келіп түсті, деп хабарлайды Экспресс К.
Полиция қызметкерлеріне күш көрсетіліп жатқан сәттерден бірнеше видео келген. Экспресс К тілшісі солардың біразын іріктеп алды.
Мысалы, бір видеода адамдардың полицияны ортаға алып, погонын шешіп жатқаны түсірілген. Ал екінші видеода 2-3 полиция мен қызметкері әскерилерді шешіндіріп, көнбегендерін жерге жатқызып ұрып жатқанын баайқауға болады. Әр жақтан «форманы шеш» деген сөз бірнеше рет қайталанған.
Тағы бір видеода полицияны теуіп жатқандарға «болды, қойыңдар» деп біреудің басу айтқаны естіледі.
Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, жаппай тәртіпсіздіктер кезінде 234 адам қаза тапқан. Оның ішінде 19 полиция қызметкері мен әскери бар. Жарақат алған 4553 адамнң 3393-і — құқық қорғау органдарының қызметкерлері.